"Тарих күні" тақырыбында наурыз көженің шығу тарихын түсіндіру барысында таныстырылым өткізді » "Аманбайұлы атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Аманбайұлы атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(727) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Тарих күні" тақырыбында наурыз көженің шығу тарихын түсіндіру барысында таныстырылым өткізді
20
март
2023

"Тарих күні" тақырыбында наурыз көженің шығу тарихын түсіндіру барысында таныстырылым өткізді

Жетісу облысы Панфилов ауданы Ынталы ауылы 
    "Аманбайұлы атындағы орта мектеп МДШО" КММ 17.03.2023 4-сынып оқушылары  және сынып жетекшісі Г. Джанабаева "Тарих күні"  тақырыбында наурыз көженің шығу тарихын түсіндіру  барысында таныстырылым өткізді. 
     Наурыз сөзі парсыша «ну» – «жаңа», рыз – «күн», яғни «жаңа күн» деген ұғымды білдіреді. Қазақша «жаңа жыл», «көктем мерекесі» «ұлыс күн» немесе «ұлы күн» деген мағына береді
Кейде оны «Ақ мерекесі», «Сүт мейрамы», «Төл ырысы» деп те атап жатады. Наурыз табиғаттың, Жер-Ананың, жердегі тіршіліктің мейрамы, күн мен түннің теңелетін күні.  «Наурыз айында күн мен түн және үркер жұлдызы бір сызықтың бойында тоғысып, Күн мен түн, жарық пен қараңғы теңеледі»,- деп түсінген қазақтар. Бұл кезде қаһарлы қыстың ызғары қайтып, төрт түлік төлдеп, адамдардың аузы аққа тиіп, мал аузы көкке тиіп, жер беті өзінің көк көйлегін киіп, әлемде шаттық орнайды. Көктем жаршылары - құстар келіп, қысқы ұйқыдағы жануарлар оянады. Осындай қасиетті күнді қазақ «Ұлыс күн» деп атаған. Наурызды мейрам ретінде тойлау жер бетіндегі халықтардың бір шамасының тұрмыс салтында бар. Бұл салт есте жоқ ерте заманнан бері жалғасып келеді. Мәселен, гректер «Патрих», бирмалықтар «Су мейрамы», тәжіктер «Гүл гардон», хорезмдіктер «Наусатж», татарлар «Нардуган», буряттар «цаган сар», ұйғырлар «гүл наурыз», қазақтар «Наурыз» деп атап келген. Бұл күні адамдарға ұйықтауға болмайды деген наным бар. Егер адам ұйықтап қалса, қаны бұзылады-мыс. Сол себепті бұл күні адамға сергектік сыйлайтын Наурыз көже ішетін болған. Наурыз көже туралы ел ішінде сақталған аңыздар да бар. Солардың бірі мынау: «Ертеде ашулы адамдар халық арасына іріткі салып, бүлік болыпты. Еркектер өз араларында келіспеушілікке тап болып, кішілері үлкендерді тыңдамапты. Шаруашылық бұзыла бастайды. Осы уақытта әр жерден ақсақалдар жиналып, кеңес жасапты. Жиын Наурыз мейрамына тұспа-тұс келеді. Олар ең үлкен қазанға, жиналған қауымды тамақтандыратын ас пісіргізіпті. Тамақтанып болған соң, ақсақалдар арасында ең беделдісі тұрып, былай депті: «Ит екеш иттің өзі, күшік кездерінде бір анадан сүт ішіп, бір-біріне туған бауыр екендерін сезінгендіктен, өзара тістесіп, таласу дегенді білмейді. Осы мейрамда біз де бір ананың сүтін ішкендей, бір қазаннан астың дәмін таттық. Бүгіннен бастап ғасырдан-ғасырға туған бауырлар секілді бір-бірімізді құрметтеп, сыйлап өтейік!». Осыдан соң адамдар бұрынғы өкпе-реніштерінің барлығын ұмытып, қайтадан бірлікте және татулықта өмір сүрген екен». Наурыз көжені қыстан арып-ашып шығатын ағзаны қалпына келтіру үшін де пайдаланған. Наурыз көжеге құрамында гемоглобині көп арпаны сол үшін қосады екен. Қазақ жамбасты қазанның құты деп, көжеге міндетті түрде жамбастың шұқыршағын, тоқшылықтың белгісі деп соғымның тобығын салған. Үйден құт, дастарқаннан тоқшылық кетпесін деген ырыммен жамбастың шұқыршағы мен тобықты өз қазанында асып, өз тісіне тигізген екен.