9 мамыр – Ұлы Жеңіс күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! » "Аманбайұлы атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Аманбайұлы атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(727) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
10
май
2023

9 мамыр – Ұлы Жеңіс күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Құрметті отандастар, қадірлі жерлестер!

Сіздерді 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Жеңіс жалауының желбіреген күніне биыл 78 жыл толып, тарих қойнауына өшпес ерлікпен еніп барады. Бұл мереке – соңғы демі қалғанша күрескен жанқиярлық ерліктің нәтижесі, халқымыздың бірлігі мен даңқының жарқын көрінісі.

Бүгінгі Тәуелсіздік тұғырының берік, еліміздің өркендеуі мен бірліктің бұзылмас қамалы осынау мерекенің жемісі. Аға ұрпақ алып берген Жеңіс бүгінгі күні де бізді жетістіктерге жігерлендіреді, жанымызға қуат береді. Біздің парызымыз – ардагерлердің ерлігін құрметтеп, әрдайым қамқорлық көрсету.

Ұлы Жеңіс мерекесімен құттықтай отырып, баршаңызға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, бейбіт өмір мен бақ-береке тілеймін!