"Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және отаншылдық" » "Аманбайұлы атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Аманбайұлы атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(727) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және отаншылдық"
01
сентябрь
2022

"Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және отаншылдық"



Жетісу облысы Панфилов ауданы Ынталы ауылы  “Аманбайұлы атындағы орта мектеп МДШО ” КММ
    2022-2023 оқу жылында Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы "Әдістемелік нұсқау хатқа сүйене отырып 1-қыркүйек білім күніне арналған "Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және отаншылдық" тақырыбында салтанатты іс-шара өткізілді. 1 қыркүйек - алғашқы қоңырау мерекесі. Бұл мектеп табалдырығын алғаш аттағандар үшін көптен күткен күн. Бұл-бірінші сынып оқушылары мен түлектердің мерекесі. Бұл мереке оқушылардың өмірге жаңа қадам басуы. 
Мерекені дәстүр бойынша мектеп директоры Бердикеев Жұмағали Қизатұлы ашты.  Мектеп директоры оқушыларды мерекемен құттықтап, алдағы оқу жылында сәттілік тіледі. Сондай-ақ      
іс-шараға  халықты жұмыспен қамту орталығының директоры Әшіржанов Қуандық  Тойғанбекұлы қатысып 1 - 11сынып оқушыларын жаңа оқу жылымен құттықтап оқуда табыстар тіледі.
    Жаңа оқу жылының басталуын көрсететін алғашқы мектеп қоңырауы соғылды. Биыл алғашқы қоңырау соғу құрметі 1-сынып оқушысы Нұртілеу Еркеназ бен аудандық пән олимпиада жеңімпазы 11-сынып оқушысы Айтмолда Ернар.
Бірінші сынып оқушылары да, ересек түлектер де күздің шуақты күнін ұзақ уақыт есте сақтайды. Баршаңызды осы тамаша күнмен құттықтаймыз! Алдағы оқу жылы барлықтарыңызға сәттілік тілейміз!

Сілтемесі: https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=pfbid0uYJgBTmggwzJ25dScZLsHMxu8fvJ7TNc5RHJHh772mFkZbgqiB8SFtEQjRRgRmCNl&id=100034479157136
#Bilimkyni2022
#БАЛАЛАРЖЫЛЫ