«Азаматтық бірегейлікті нығайту» » "Аманбайұлы атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Аманбайұлы атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(727) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Азаматтық бірегейлікті нығайту»
13
февраль
2024

«Азаматтық бірегейлікті нығайту»

Жетісу облысы, Панфилов ауданы, Ынталы ауылы, «Аманбайұлы атындағы орта мектеп МДШО» КММ -де    «Азаматтық бірегейлікті нығайту» бағытында өткізілген кездесу
    Мақсаты: қылмыстың, оның ішінде қоғамдық орындардағы жаппай тәртіпсіздік, жастар мен мектеп оқушыларының арасындағы буллинг, кибербуллинг, суицид, ұлтқа бөлініп төбелесудің алдын алу
       1. Панфилов аудандық аналар кеңесінің  төрайымы - Бердіғұлова Күлғайша Бердіғұлқызы - Жастар арасында отбасылық құндылықтарды нығайту, «Әже тәрбиесі», «Салт дәстүр» бағытында насихат ;
2. Аудандық ұйғыр этномәдени орталығының төрағасы - Гаитов Азат Саутұлы - Этносаралық татулық пен бірлік; Ұлтаралық ынтымақтастық, сыйластық, төзімділік туралы;
3. Панфилов ауданының Пробация қызметі бөлімінің бастығы - Қожамбеков Айдос Бақытұлы - Оңай жолмен ақша табу неге алып келеді; 
4. Аудандық полиция бөлімінің кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі аға учаскелік инспекторы, полиция майоры – Нұрләби Талшын Нұрләбиқызы - Колледждер мен мектептерде құқық бұзушылықтарға мүлдем төзбеушілікті қалыптастыру, Президенттің «Адал азамат», «Заң және тәртіп» идеологияларын насихаттау;

5.  Аудандық ата-аналар комитетінің төрағасы - Бектемір Айдар Тулесханұлы - Бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі және мектеппен байланысы;
6.  Психиатр, нарколог дәрігер - Нұраханов Ержан Амангелдіұлы – Спирттік ішімдік, есірткі, темекі, электронды темекі т.б. зиянды заттардың зардабы мен зияны;
#біртұтастәрбие 
#кездесулер