"Отбасы - бақыт мекені"
"Аманбайұлы атындағы орта мектеп МДШО" КММ-де 6-сынып оқушылары мен сынып жетекшісі Жетписбаева Алмагүл Ахмадиевна. "Отбасы - бақыт мекені" атты тақырыбында ашық тәрбие сағатын өткізді. Мақсаты: Отбасындағы қарым -қатынас мәдениеті туралы түсінік беру, бақытты жанұяның моделін дайындау. Отбасы -Отанның бір бөлшегі екенін ұғындырып, жанұядағы сыйластыққа, адамгершілікке, инабаттылыққа, ынтымақ пен бірлікке, татулық пен ұйымшылдыққа тәрбиелеу.