Жетписбаева Алмагул Ахмадиевна » "Аманбайұлы атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Аманбайұлы атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(727) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Жетписбаева Алмагул Ахмадиевна
19
сентябрь
2022

Жетписбаева Алмагул Ахмадиевна

                           "Аманбайұлы атындағы орта мектеп МДШО" КММ - нің  тарих пәнінің мұғалімі, педагог –зерттеуші. Жетписбаева  Алмагул Ахмадиевна
                                                                                                        Өмірбаяны                                                                                       
   Мен 1970 жылы, 14 қаңтар күні  Талдықорған облысы, Панфилов ауданы, Қоңырөлең  ауылында өмірге келдім. 1977 жылы Қоңырөлең орта  мектебінің 1 – сыныбына бардым. 1985 жылы Қоңырөлең   орта мектебінде сегізінші сыныбын бітіріп, Панфилов педагогикалық училищесіне оқуға түстім.1989 жылы Педагогикалық училищені бітірісімен Ынталы ауылында ашылған «Балдәурен» балабақшасына тәрбиеші болып орналастым. 1991 - 1992 жылдар    аралығында  балабақша меңгерушісі болдым.
    1993 жыл Ынталы орта мектебіне  лаборант болып орналастым. 1995 ж тарих пәні мұғалімі болып еңбек жолын бастадым.
    33 жыл педагогикалық еңбек өтілім бар. 
    1990 жылы Әл -Фараби атындағы Қазақ  Мемлекеттік Ұлттық университетіне оқуға түсіп, 1998 жылы тарих және археология факультетін   тарих  мамандығы бойынша бітірдім. 
    2006 – 2013 жылдарды С.Аманбайұлы атындағы орта мектептің директорының оқу тәрбие ісі – жөніндегі орынбасары болдым.
    2014 ж қыркүйек-желтоқсан аралығында Талдықорған қаласындағы Педагогикалық шеберлік орталығында Қ.Р педагог кадрларының біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламары аясында ІІ деңгей бағдарламасы бойынша мұғалімдерді оқыту курсын аяқтадым.
    2016 ж «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы әзірлеген «Тәжірибедегі рефлексия» жалпы білім беретінгі мектептердегі педагогика кадрларының кәсіби даму бағдарламасы бойынша 80 академиялықсағат көлеміндегі мектеп тренерлерін оқыту курсын аяқтадым. 
    2018 ж Қ.Р орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде «Дүниежүзі тарихы» және «Құқық негіздері» пәндері бойынша педагог  кадрлардың біліктілігін арттыру білім беру бағдарламасы бойынша 80 академиялық сағат  көлемінде оқу курсын аяқтадым.
    2019 ж Орта білім берудің жаңартылған мазмұны шеңберінде 108 академиялық сағат  көлемінде «Кәсіпкерлік және бизнес  негіздері» пәнінен оқытушылардың біліктілігін арттыру бойынша  курстан  өттім.
    2019 ж кезекті аттестациядан және біліктілікті арттыру тестінен өтіп, педагог- зерттеуші санатын қорғадым.
    2020 ж Қ.Р орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде «Қазақстан тарихы» және « Құқық негіздері» пәндері бойынша педагог   кадрлардың біліктілігін арттыру білім беру бағдарламасы бойынша 80 академиялық сағат   көлемінде оқу курсын аяқтадым.
    2021 ж «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы әзірлеген «Сабақтағы зерттеу» жалпы білім беретінгі мектептердегі педагогика кадрларының кәсіби даму бағдарламасы бойынша 80 академиялық  сағат көлеміндегі мектеп тренерлерін оқыту курсын аяқтадым. 
Жұмыс барысындағы соңғы  3 жылдағы  жетістіктерім мен марапаттарым
    2019 ж.,  Дарынды балаларға арналған білім беру Ұйымдарыны мұғалімдерінің «Үздік авторлық  бағдарлама» Республикалық конкурсының  ІІ дәрежелі дипломымен марапатталдым.
    2019 ж., Ғылым және Білім министрлігінің   «Алғыс хаты»   берілді.
    2019 ж., Аудандық білім бөлімі  кәсіподағы   Құрмет грамотасы
    2021 ж., Аудандық   білім бөлімі   Құрмет грамотасы
    2021 ж., «Жазғы мектептің» жұмыс барысында мұғалімдердің кәсіби дамуындағы озық тәжірибелерді таратуға қосқан үлесі үшін    аудандық   « Алғыс хат»  берілді.
    2021 ж.,   Педагогтардың мәртебесін көтеру мен кәсіби біліктілігін арттыру және дамыту мақсатында өткізілген республикалық   «Мұғалімдер пән олимпиадасы»  
 ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
 Үйінің мекен-жайы: Жетісу облысы, Панфилов ауданы, Ынталы  ауылы,   Аманбайұлы   № 36

Похожие публикации: