«Біздің міндет – балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету» » "Аманбайұлы атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен" Управления образования Алматинской области
Жетісу облысы білім басқармасының
Средняя школа №
"Аманбайұлы атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен"
Управления образования Алматинской области
Приемная
+7(727) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(727) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
» » «Біздің міндет – балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету»
03
март
2023

«Біздің міндет – балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету»

       «Аманбайұлы атындағы орта мектеп МДШО» КММ Управления образования Алматинской области «Біздің міндет – балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету» ұранымен 1 – Наурыз Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күніне байланысты атқарылған жұмыстардың қортындысы
       Азаматтық қорғаныс халықаралық ұйымының (АҚХҰ) тоғызыншы  Бас Ассамблеясының шешімі бойынша жыл сайын әлем елдері бойынша  1- наурыз Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күні болып саналады. Осыған орай «Панфилов ауданы аумағында Азаматтық қорғаныс күнін өткізу іс - шаралар» жоспарына сәйкес, Керімағаш – Арасан ауылындағы орта мектебінде 01.03.2023 жылы, 10_00 да дабыл соғылып  жер сілкінісі, өрт қауіпсіздігі, су тасқыны және тағы басқа табиғи техногендік аппаттардың алдын алу мақсатында  сейсможаттығу болып өтті. Жаттығуға мектеп оқушылары мен мұғалімдер толығымен қатысты. Дабыл қағылған сәтте оқушылардың қауіпсіздігі толыққанды қамтамасыз етіліп, әр топ командирлерінің басқаруымен қауіпті ғимараттағы адамдар қауіпсіз жерлерге көшірілді. Ешқандай дене жарақаттары мен зақымдалулар орын алған жоқ. Преподаватели оқушыларды тізім бойынша түгелдеп, Азаматтық қорғаныс Штабының бастығының орынбасарына баяндалды. Мектептің алғашқы  әскери дайындық пәнінің мұғалімі орнында Қ. Бердибеков және әр топ командирлері  жұмыстарын өз деңгейінде атқарды.
          Мектебіміздің Алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі мектеп оқушыларына «Апатты жағдайлар және олардан сақтану жолдары» тақырыбында 1 – 11 сынып оқушыларының арасында мектеп залында түсіндірме сабақ  өткізілді, сабақтың барысында төтенше жағдайлар, зілзала апаттары жөнінде білімдерін кеңейтіп, олардан сақтану жолдарымен, алғашқы көмек көрсету шараларымен таныстырылды, сондайақ  су тасқыны, сел, жер сілкіну, дауыл, құйын жайлы оқушылар қысқаша мәлімет беріп өтті.
         «Алғашқы медициналық көмек», «Өрт сөндірудің алғашқы құралдары  және олардың қолдану қағидалары»,  «Төтенше жағдайлар кезінде зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсету» бейнероликтері көрсеіліп және сурет көрмесі ұйымдастырылды.

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары:             А.О.Раисова

Алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі уақытша:      Қ. Қ. Бердибеков.