«Мектебім – мейірім мекені» тақырыбында алғашқы қоңырау мерекелік салтанатты жиыны өтті » "Аманбайұлы атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Аманбайұлы атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(727) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Мектебім – мейірім мекені» тақырыбында алғашқы қоңырау мерекелік салтанатты жиыны өтті
01
сентябрь
2023

«Мектебім – мейірім мекені» тақырыбында алғашқы қоңырау мерекелік салтанатты жиыны өтті

Жетісу облысы Панфилов ауданы Ынталы ауылы 
  "Аманбайұлы атындағы орта мектеп МДШО" КММ -де  1-қыркүйек – Білім күні мерекелік іс - шарасының өтілуі туралы ақпарат
   2023-2024 оқу жылының басталуына орай 9:00-9:45 аралығында  «Мектебім – мейірім мекені» тақырыбында  алғашқы қоңырау мерекелік салтанатты жиыны өтті. Алғашқы қоңырау мерекесі 1-сынып бүлдіршіндерін салтанатты түрде ортаға шақырумен басталды. Мерекелік іс шараны мектеп директорының уақытша міндетін атқарушы Жетписбаева Алмагул Ахмадиқызы  мектеп табалдырығын аттап отырған бүлдіршіндерді, оқушылар мен ата-аналарды жаңа оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтап, қазіргі таңда жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беру - ұстаздар алдындағы үлкен міндет екенін атап көрсете отырып, биылғы оқу жылының ерекшелігімен таныстырды. Келген қонақтар сөз алып 1- қыркүйек -Білім күні мерекесімен оқушылар мен мектеп ұжымын құттықтап сөз сөйледі. Қоңыраудан соң барлық сынып оқушылары өз оқу кабинеттерімен танысып, «Мектебім – мейірім мекені» тақырыбында алғашқы білім күні сабағына қатысты.
#BILIMKYNI