Республикалық балалар оқулары байқауы » "Аманбайұлы атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Аманбайұлы атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(727) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Республикалық балалар оқулары байқауы
09
сентябрь
2022

Республикалық балалар оқулары байқауы

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен  «Қазақстандық қоғамдық даму институты» КеАҚ «Балалар жылы» шеңберінде балалардың кітап оқуға деген құштарлығын арттыру, қазақ және шетел әдебиетін терең зерттеуге шақыру мақсатында Республикалық балалар оқулары байқауын өткізеді.

 Байқауға Қазақстанның барлық орта білім беретін мектептерінің
3-10 сынып оқушылары қатыса алады. Оқушылар 2022 жылғы шілде, тамыз және қыркүйек айларында, жас ерекшелігі мен оқу бағдарламасына сәйкес «Әдебиет порталы» интернет-жобасында жарияланған, қазақстандық және шетелдік кітаптардың сілтемелері арқылы әдеби кітаптарды оқиды.
 3-4 сынып – «Ертегілер әлемінде» тақырыбында бастауыш сынып оқушыларына арналған кітаптар («Қазақ ертегілері» https://adebiportal.kz/web/viewer.php?file=/upload/iblock/858/8582d39c6debac017cd4e3c5ae03ccd7.pdf&ln=kz  және «Алпамыс батыр» ертегілері https://adebiportal.kz/web/viewer.php?file=/upload/iblock/1f0/1f0e1d651f684d093169ed78e11a8bbc.pdf&ln=kz );
 5-6 сынып – «Кел, балалар, оқылық!» тақырыбында орта буын оқушыларына арналған кітаптар («Мен – апамның баласымын» https://adebiportal.kz/web/viewer.php?file=/upload/iblock/763/763980a119e303bc07bd07ac9c86588b.pdf&ln=kz және «Ағайынды Гриммдер ертегілері» https://adebiportal.kz/web/viewer.php?file=/upload/iblock/ab8/ab836b25f47bc3e78779580bb3f97bd1.pdf&ln=kz );
 7-8 сынып – «Ғасырлар тарихты жырлайды» тақырыбында жасөспірімдерге арналған кітаптар («Ұшқан ұя» https://adebiportal.kz/web/viewer.php?file=/upload/iblock/5e1/5e13518fb629e466f3a930c56af4d672.pdf&ln=kz және «Гулливердің саяхаты» https://adebiportal.kz/web/viewer.php?file=/upload/iblock/ace/aceae4949f3ab62c32017a47b7f332d8.pdf&ln=kz);
 9-10 сынып – «Ұлы Дала жырлары» және «Ұлы Дала ұлағаты» тақырыбында жоғары сынып оқушыларына арналған кітаптар («Көшпенділер. Алмас қылыш», І. Есенберлин https://adebiportal.kz/kz/books/view/koshpendyler-almas-kylysh__820 және «Робинзон Крузо», Даниэль Дефо. 
      « Аманбайұлы атындағы орта мектеп МДШО» КММ де 2022-2023 оқу жылында 3-10 сыныптар арасында оқушылар іріктеліп алынып, көркем әдеби шығармаларды оқу үстінде.  
    Байқаудың мақсаты – балалардың кітап оқуға деген құштарлығын арттыру, қазақ және шетел әдебиетін, ақын-жазушыларының шығармаларын терең зерттеуге шақыру және жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік сезімді қалыптастыру.
Міндеттері:
- республикалық байқауға қатысу барысында оқушыларды кітап оқуға бейімдеу және оқу сауаттылығын арттыру;
- балалардың жылдам оқу, логикалық, сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамыту және сананың ашықтығын қалыптастыру;
- туған елі туралы білімдерін жетілдіру және отансүйгіштікке баулу.