и Мақатаевтің туған күніне орай 1-11 сыныптар арасында сынып сағаттары өткізілді. » "Аманбайұлы атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Аманбайұлы атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(727) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » и Мақатаевтің туған күніне орай 1-11 сыныптар арасында сынып сағаттары өткізілді.
06
февраль
2024

и Мақатаевтің туған күніне орай 1-11 сыныптар арасында сынып сағаттары өткізілді.

Жетісу облысы, Панфилов ауданы, Ынталы ауылы, «Аманбайұлы атындағы орта мектеп МДШО» КММ -де Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтің туған күніне орай 1-11 сыныптар арасында сынып сағаттары өткізілді. 
     Мұқағали өлеңдері – ұлттық поэзияның жаңа бір белеске көтерілгендігін, қазақтың қара өлеңінің шынайы қасиеттерінің қадірі артып, бұрынғыдан да толысып, кемелдене түскендігінің куәсі. Ол қазақ өлеңінің ұлттық бояуы мен рухын ұстанды, оны түрлендіре байытты, сөйтіп қалың қазақ оқырмандарының жүрегіне жол ашты. Сонымен қатар ақын қазақ лирикасын ХХ ғасыр әдебиетінің озық үлгілерімен құнарландырды. Мұқағали сыршыл ыстық лирикасымен өз оқушыларының жүрегіне жол тапты, оларды жақсы жырдың ләззатына қандырып, өзінің менімен адамзатқа ортақ ақиқатты жырлап, қалың оқырманның жан жүрегін баурады.
Ақынның шын мәнінде шеберлігі – ол қолданған әрбір амал - адам бейнесін ашуға қызмет еткен. Ақын поэзиясында табиғат көріністерін, пейзажды әшейін бір уақыт кеңістіктің дерегі ретінде даралап қарамайды, онда адам бейнесін толықтыра түсетін тәсілдер мол. Мұқағали Мақатаев – туған жерінің суретін бейнелеуде өзіндік өрнек таныта, өзгеше поэтикалық әлем аша жырлайды. Табиғат аясында туып - өскен әрбір ақынның сол тақырыпқа қалам тартпауы мүмкін емес. Туған жерді, оның әдемі табиғатын жырлау – барлық ақынның перзенттік парызы. Қазақ даласының табиғатын Мұқағали пәк, таза күйінде көргісі келеді. Адам мен табиғатты ол тұтастықта таниды. Табиғат та адам сияқты кейде көңілді, кейде мұңды. Соған лайық ақын да оны әр күйде суреттейді. 
#біртұтастәрбие 
#мұқағалимақатаев