«Гүл өссе - жердің көркі, Қыз өссе - елдің көркі» » "Аманбайұлы атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Аманбайұлы атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(727) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Гүл өссе - жердің көркі, Қыз өссе - елдің көркі»
06
март
2023

«Гүл өссе - жердің көркі, Қыз өссе - елдің көркі»

     Жетісу облысы Панфилов ауданы Ынталы ауылы, "Аманбайұлы атындағы орта мектеп МДШО" КММ 06.03.2023 1-4 сыныптар және 5-9 сыныптар арасында "Бұрымды қыз" байқауы өткізілді. Педагог-ұйымдастырушы Қ. Берлибекова мен қыздар ұйымының жетекшісі А. Әбдиева. 
      Мақсаты: «Гүл өссе - жердің көркі Қыз өссе - елдің көркі» - дегендей ежелден ата - бабаларымыз қыздарды әрқашанда гүлге теңеген. Табиғатта ең сұлу өсімдік гүл болса, әлемнің сұлуы - қыз. Қыздарымызға тән нәзіктік, сұлулық, ұяңдық, ибалылық, сыпайылық, әдемілік, іскерлік, шеберлік, рухани байлық, ақ ниет, сүйіспеншілік, намысы, қайрат жігері, бәрінен де ар тазалығы тән. Осындай қасиеттерімен де қазақ қыздары зор тағылым иесі! Қыз тәрбиесі туралы көп айтуға болады. «Қызға қырық үйден тыйым» - деген сөз қызды кемсіту үшін айтылмаған, керісінше қыз баланың тәрбиесіне зор жауапкершілікпен қарауды меңзейді. Бүгінгі қыз - ертеңгі ана. Сондықтан, халқымыз әйел - барша тіршіліктің бастауы, өмірдің сәні деп қасиет тұтып, ардақтап аялаған.
  Қыз сұлу көрінеді қылығымен,
  Жарыса төгілген қос бұрымымен.
  Бұл күнде сұлулықтың үлкені осы,
  Қыз сұлу көрінеді білімімен.
  Қыз сұлу көрінеді шашыменен,
  Ай қабақ, қиғаш қара қасыменен.
  Қыз сұлу көрінеді толған айдай,
      Он екі мен он сегіз жасыменен.- дегендей, халқымыз қыз сұлулығына ерекше мән берген. Қазақ қызы десе, бет - жүзінде ұяңдығы бар, шашы ұзын, басқан ізі білінбейтін жан елестейді. Шолпының сыңғыры құлағымызға келеді...
       Бойжеткен қыздарды ұлтымыздың салт - дәстүрлері мен әдет - ғұрып, рухани құндылықтарды құрметтей білуге, ұяңдық пен биязылыққа, инабатты, білімді болуға тәрбиелеу.