"Бәрі де, Ана, бір өзіңнен басталады" » "Аманбайұлы атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Аманбайұлы атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(727) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Бәрі де, Ана, бір өзіңнен басталады"
06
март
2024

"Бәрі де, Ана, бір өзіңнен басталады"

   Жетісу облысы, Панфилов ауданы, Ынталы ауылы, «Аманбайұлы атындағы орта мектеп МДШО» КММ -де 1-11 сыныптар арасында "Бәрі де, Ана, бір өзіңнен басталады" тақырыбында өткізілген сынып сағаттары.  
     Мақсаты: Аналар мерекесі қарсаңында асыл аналарды құттықтау, оқушылардың бойына аналарды құрметтеуге,  адамгершілікке тәрбиелеу. 
      Бүгін Халықаралық әйелдер мерекесі. Көктемнің алғашқы лебімен бірге келетін мейрамға бір ғасырдан аса уақыт өтіпті. Тарихқа көз жүгіртсек, 1910 жылы Копенгагендегі социалист әйелдердің конференциясында Клара Цеткиннің ұсынысы бойынша наурыздың 8-ін Халықаралық әйелдер күні ретінде атап өту туралы шешім қабылданды. 1914 жылдан кейін көп елдерде нақ осы күн әйелдер мерекесі ретінде аталатын болды. Қазақстан Республикасында да бұл мерекеге аса мән беріліп, осы күні барлық аймақта мерекелік шаралар ұйымдастырылады. Біздің қазіргі қоғамымызда әйел тек отбасының береке-бірлігін ойлайтын тұлға ғана емес, ол өмірге және саяси мәселелерге белсене араласатын қоғам мүшесі. Сондықтан елімізде әйел адамның әлеуметтік қорғалуына, олардың өмір сүру деңгейін арттыруға айрықша маңыз беріледі.

  #біртұтастәрбие 
#8-наурызхалықаралықәйелдеркүні