8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын! » "Аманбайұлы атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Аманбайұлы атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(727) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын!
11
март
2024

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Құрметті ақ жаулықты әжелер, ару аналар! Қыз-келіншектер! Сіздерді көктемнің шуақты мерекесі – 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бүгінгі бар тіршілік, жарық дүние, бақытты өмір әйел-ананың аялы алақанында. Адамзат баласына тән қасиетті, сүйіспеншілік пен іңкәрліктің, сұлулық пен махаббаттың, қайырымдылық пен ақылдылықтың бар болмысын бір бойына сіңіре білген ақ пейілді, дарқан жүректі нәзік жандарға арналған мереке табиғаттың оянуымен бірге келуі бекер емес. Ана – тіршіліктің қайнар көзі, махаббаттың шуақ күні, мейірімнің кәусар бұлағы. Ана сүтімен барша халықтың рухы, арман-үміті болып табылатын тілі мен тарихы, салт-дәстүрі, әдебиеті мен мәдениеті жас ұрпақ бойына дариды.  Жандарыңыз нәзік болса да, бізге күш - қуат, рух, жаңа бастамаларымызға шабыт беретін биік тұлғасыздар! Жан-жағына шуақ шашып, айналаны нұрға бөлеп, әлемді бағындырып, сіздермен бірге егемен елімізді одан әрі көркейту, оның әл-ауқатын жақсарту жолында жұмыстанамыз. Құрметті ақ жаулықты әжелер, ардақты аналар, қаракөз қарындастар! Бүгінгідей әсемдік пен сұлулық мерекесі күні сіздерге және жанұяларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, шаңырақтарыңызға құт-береке тілеймін. Мейірімге толы жүректеріңіз бақыт ләззатына, қуаныш пен шаттыққа кенеле берсін!